Биыл үй жануарларын чиптеу жұмысы белсенді жүріп жатыр
«Таңба» базасына енгізілгеннен кейін мысық немесе итіңізді бақылауда ұстауға болады.
Бұл – әлемдік тәжірибеде бар және кеңінен қолданылып келе жатқан екпе түрі.
Әл-Фараби Серіков, тілші:
- Дәл қазір мысыққа екпе салынды. Чиптеудегі негізгі мақсат – үй жануарын қала бойынша есепке алу және құтыру ауруларына қарсы екпе салу. Жасалған профилактикалық шараларды бақылауда ұстау. Егер де иесі мысықты жоғалтып алған жағдайда, база арқылы тауып алуына болады. Және де екпе салынғаннан кейін арнайы құрылғымен чиптің бар-жоғы тексеріледі.
Үй жануарына чип орнатпас бұрын «EGOV» порталына тіркелу керек. Яғни, екпеге дейін де бірнеше кезең бар.
Алмас Тұрымбетов, Астана қалалық ШЖҚ «Астана ветсервис» КМК ветеринария бөлімінің басшысы:
- Қала тұрғындары итін тіркеуге алу үшін, ең алдымен, азаматтарға арналған Үкімет порталында телефон нөмірлерін тіркеуге қою керек. Себебі бұл портал арқылы жануар иесін тіркеуге аларда хабарлама келіп түседі. Сіз жануарыңызды тіркеуге рұқсат бересіз ба, бермейсіз ба деген.
Қазіргі таңда 12 мыңдай үй жануары тіркелген болса, оның шамамен 8 мыңнан астамы – қаңғыбас ит пен мысық. Оларды арнайы мекеме 60 күн қарауда ұстайды. Ары қарай тәуелсіз волонтерлік ұйымдарға береді.
Алмас Тұрымбетов, Астана қалалық ШЖҚ «Астана ветсервис» КМК ветеринария бөлімінің басшысы:
- Астана қаласы аумағында ит пен мысықтарды аулағанда иттер мен мысықтарды паналау орнына алып келеді. Ол жерде біз ит пен мысықтарды бірінші сканер арқылы тексереміз. Чип бар-жоғын анықтаймыз. Егер чип болып жатса, оның иесін анықтауға тырысамыз. Ауланған иттер мен мысықтар чип салынады, одан кейін таңба базасына енгізілетін болады.
Ақжібек мысығына чип орнату үшін орталыққа арнайы келді. Айтуынша, үй жануарын чиптеудің пайдасы көп, мысығыңыз немесе итіңіз қоршаған ортаға қауіп төндірмеу керек дейді.
Ақжібек Қайсанова, қала тұрғыны:
- Ең алдымен, чип орнату жайлы жақында ғана естідім. Мысығымды алып келдім. Тұрғындарға осы чип орнатуға кеңес берем.
1 қыркүйектен бастап ит-мысықтарды чиптеу міндеттеледі және осы уақытқа дейін қалада бұл қызмет тегін. Ары қарай ақылы болуы мүмкін. Мұны құзыретті орган өкілдері айтып отыр.
Авторлары: Әл-Фараби Серіков, Ырыстанбек Оспанов, Наурызбай Құрманғазы.