Өртке қарсы арнайы киім алып беруге 918 млн теңге бөлінеді

Өрт сөндіру станцияларының қызметкерлері үшін Үкімет резервінен 918 млн теңге көлемінде қаражат бөлінеді.

Тиісті қаулыға Премьер-Министр Әлихан Смайылов қол қойды. Бұл қаржы сала мамандарын өртке қарсы арнайым киімдермен қамтамасыз етуге жұмсалады. Нақтырақ айтқанда 30 табиғатты қорғау және 16 орман мекемесінің қызметкерлері енді тілсіз жауға қарсы толық жарақтандырылады.