Рудныйдағы травматологиялық пункт жабылмайды
Қостанай облысының Рудный қаласындағы травматологиялық пункт жабылмайтын болды.
Аурухана басшылығы мен Денсаулық сақтау министрлігі және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өкілдері мәмілеге келді. Енді Денсаулық сақтау министрлігі бұйрыққа түзету енгізеді. Бұрын моноқалаларда травматологиялық пункт жұмыс істеуі үшін тіркелген тұрғын саны 150 мыңнан кем болмауы керек еді. Бірақ халық саны жетпегендіктен енді олар қызмет көрсетілетін науқастардың санын негізге алады. Рудныйдағы травматологиялық пунктті жабу туралы мәселе осыдан жарты жыл бұрын көтерілген еді. Қаржыландыру тоқтағанымен, аурухана басшылығы жұмысты жалғастырған. 6 ай бойы медициналық мекеме қарызға батып, шығынды өтей алмапты. Бұл дәрігерлердің де, қала тұрғындарының да наразылығын тудырды. Енді күрмеулі мәселе шешімін тапты.
Майра Бейсен, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
- Әрине, Рудный қалалық ауруханасына жарақаттылығына байланысты медициналық көмекке жүгінген барлық біздің облыстың тұрғындарына тиісті көмек осы травматологиялық пункттің жанында және қабылдау бөлімінде көрсетілетін болады.