ДСМ: Қарағандыдағы балалар тамақтан уланған жоқ

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният жасөспірімдердің жаппай улануына байланысты Қарағанды облысына барды.

Бұл туралы Үкіметтің үйінде Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Айжан Есмағамбетова хабарлады. Оның айтуынша, уланудың себебі әзірге белгісіз. Бірақ тексеріс кезінде науқастардың тамақтан уланбағаны анықталған. Ауруханаға түскендердің барлығы – ер балалар.

Айжан Есмағамбетова, ҚР Денсаулық Сақтау Вице-Министрі:

- Ауруханаға уланған балалардың алғашқы легі 30 шілдеде түскен. Қалғаны кеше дәрігерлер көмегіне жүгінді. Осыған дейін тамақтан уланды деп күдіктендік. Бірақ тексеру кезінде бұл болжам негізсіз екеніне көз жеткіздік.