Алматыдағы өрт салдарынан 31 адам ауруханаға жатқызылды
Алматыдағы көп қабатты тұрғын үйдегі өрт салдарынан 31 адам қалалық ауруханаға жеткізілді.
Абырой болғанда, қаза тапқандар жоқ. Тілсіз жау лезде ауыздықталды. Оттың тұтануына электр кабельдердің жануы себеп. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.
Гүлжан Көленқызы, тілші:
- Қазіргі уақытта Ақкент ықшамауданында тұрғын үйден шыққан өрт толық сөндірілді. Алайда тұрғындар әзірге пәтерлеріне жіберілген жоқ. Себебі оқиға орнында өрт сөндіру қызметінің зертхана қызметі жұмыс істеп жатыр. Өрттің нақты шығу себебі зерттеу жұмыстарынан кейін белгілі болады. Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, өрт шарпыған аумақ 80 шаршы метрді құрады. Тұрғын үйден 300-ге жуық адам оқшауланды. Өрт қаупі жоғары болған 5-6 қабаттардан 80 адам құтқарылды. Олардың 25-і балалар. Айта кетейік, оқиға орнына өрт сөндіру қызметі жетпес бұрын, тұрғын терезеден баласын лақтырып, артынан өзі секірген. Олар қазір ауруханада, жағдайлары бірқалыпты. Жалпы, жедел жәрдем қызметіне түтіннен уланған 30-дан аса тұрғын жүгінген.
Айдар Скабаев, Алматы каласы ТЖД "ӨСЖӘНЕАҚЖҚ" ММ бастығы:
Гүлжан Көленқызы, тілші:
- Айта кетейік, оқиға орнында 14 өрт сөндіру техникасы, жеке құрамның 50 қызметкері жұмылдырылды.