Әлемдік және дәстүрлі діндер съезіне - 20 жыл
Биыл әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезіне - 20 жыл.
Осы орайда Астанада мерейлі дата қарсаңындағы съездің дайындығы талқыланды.
Айта кетейік, 10 қазанда съезд хатшылығының 21-ші отырысы өтеді. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары 7-і съезінің жабылу рәсімінде Президент съездің 2033 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын әзірлеуді ұсынған еді. Мемлекет басшысы атап өткендей, құжатта діни форумның ықпалын күшейтуде нақты қадамдар мен кезеңдер қамтылуы тиіс.
Болат Сәрсенбаев, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының төрағасы:
- Бұл әлемде теңдесі жоқ бірегей алаң екені баршаға мәлім. 20 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан іс-шара әлемдік сенімге ие. Бұған дейін де әлемдік діндердің талай көшбасшысы қатысқан. Былтыр оған Рим Папасы Франциск қатысқаны белгілі. Жалпы былтыр 50 елден 100-ден аса делегация келген еді.