Қарағандыда ірі станцияларға айыппұл салынды
Қарағандылық экологтар «Қазақмыс Энерджи» компаниясына 4,5 млн теңге көлемінде айыппұл салды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Себебі аталған мекемеге қарасты Балқаш жылу электр орталығы мен Топар кентіндегі электр тарату станциясында экологиялық нормаға қайшы келетін әрекеттер анықталған. Атап айтқанда, Топардағы станцияда қалдық суды тазарту жүйесі істен шығыпты. Ал Балқаштағы орталық цехында қатты отынды түсіру құрылғылары болмаған. Дегенмен кәсіпорындарды жаңғырту жұмыстар өз нәтижесін бере бастады, - дейді мамандар.
Дархан Есжанов, облыстық Экология департаментінің басшысы:
- Соңғы уақытта станциялар өздерінің тазарту жүйесіне үлкен көңіл бөліп, замануи құралдар қойып жатыр. Осының нәтижесінде биыл Балқашта ауға шығаратын қалдықтар 1 мың тоннаға азайған. Бұл – модернизациялық жұмыстардың нәтижесі. Табиғат пайдаланушылар экологиялық заңнаманы сақтап, қоршаған ортаға тигізер зардабын барынша азайтуға міндетті.