Қазақстанда жол-құрылыс материалдарының бірыңғай базасы құрылды

Қазақстанда жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялардың бірыңғай базасы іске қосылды.

Инвестициялар және даму министрлігі мақұлдаған ІТ жоба жолдардың сапасын арттыруға мүмкіндік береді, - дейді мамандар. Жаңа технология алдымен зертханалық жағдайда сосын түрлі климаттық аймақтарда екі жыл қатарынан сыналады. Сүзгіден  өткендері пайдалануға ұсынылады. Бүгінде салалық ұйымдар 50-ден астам инновацияларды зерттеді. Олардың тең жартысы Қазақстанның нақты аймақтарында бекітілген және пайдалануға рұқсат етілген мәртебесін алып, тізімге енді.

Әсел Нұғманова, "Қазақстан жол ҒЗИ" департаментінің директоры:

- Біз геосинтетикалық материал зерттелетін тәжірибе алаңына жиналдық. Дәл осы технологиялар апробацияның бастапқы сатыларынан өтті. Тұтастай алғанда, бұл технология «сұр» технологиялар мәртебесінен, яғни сынақтан өтпеген технологиялардан қазірдің өзінде қарастырылып жатқан «сары» технологиялар мәртебесіне көшті. Мониторинг қорытындысынан кейін, бұл технология «жасыл» мәртебені алады.