Бас прокуратура: Медицина ұйымдары тексеріледі

Бас прокуратура елдегі медициналық мекемелерде кешенді тексеру жүргізуді талап етті.

Мұндай ауқымды тексеріс қажеттілігі Алматы ауруханасында үш науқастың иммун тапшылығы вирусын жұқтыруынан кейін туындап отыр. Қазір ол іс бойынша қылмыстық  тергеу жүріп жатыр. Пациенттердің қауіпті індет жұқтыруының алдын алу маңызды. Бірінші кезеңде 549 медициналық мекеме тексеріледі. Мәселе Бас прокурордың ерекше бақылауында.