СҚО шаруалары тамшылатып суару технологиясын енгізе бастады
Мәселен, былтыр мұндай алқаптардың көлемі 2 мың гектар болса, биыл ол 2 есеге артқан, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл суды үнемдеп қана қоймай, жұмыс күшін де азайтуға мүмкіндік береді. Өнімдердің шығымы да жақсарған.
Жалпы қазіргі таңда өңірде бұл бағытта 5 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр.
Мейрам Меңдібаев, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы:
- Климатқа қарасақ, мына 4 жыл құрғақшылық болып жатыр. Енді соған шаруашылықтар көп жұмыс жасап жатыр. Қазіргі уақытта бізде үлкен 5 жоспар мынау суармалы жерлерге жүріп жатыр. Оған мемлекет арқылы 3,2 миллиард теңге қаражат бөлінді.