Жастарға арналған әдеби сыйлыққа өтінім қабылдау аяқталды
Тұңғыш рет жас жазушылар мен ақындарға берілетін арнаулы әдеби сыйлыққа өтінім қабылдау аяқталды.
Әр жеңімпазға 4 млн теңге сыйақы тігілген. Әдеби сыйлық 18-35 жас аралығындағы қаламгерлерге арналған. Байқауға 53 үміткер қатысып отыр. Олар "Балалар әдебиеті", "Драматургия", "Поэзия", "Проза" номинацияларына өтінім берді. Қазір барлық шығармалар арнайы комиссияның қарауына ұсынылды. Туынды авторларының есімдері жасырын, шифр бойынша таратылды. Яғни сарапшылар тек шығарманы бағалайтын болады. Жеңімпаздар Республика күні қарсаңында анықталады.
Ақтілек Тәжі ҚР МСМ архив, құжаттама және кітап ісі комитеті төрағасының орынбасары:
- 53 өтінімнің 17 қатысушы "балалар әдебиеті" номинациясына, 9 қатысушы "Драматургия" номинациясына, 13 қатысушы "Поэзия" номинациясына, 14 қатысушы "Проза"номинациясына келіп түскен. Балалар әдебиетіне көп түскеннің өзі бізге көңіл қуантады. Байқаудың мақсаты да осы балалар әдебиетін елімізде дамыту. Сыйлықтың мақсаттарының бірі болған еді.