Астанада кофе фестивалі өтіп жатыр
2 күнге созылған іс-шараға 5000-нан аса қатысушы келген.
Келген жұрт түрлі кофенің дәмін татып, тіпті үйде қалай дәмді етіп дайындауға болатынын да көрді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, былтырға қарағанда биыл келушілер қатары артқан. Бұл біздің елде кофе ішу мәдениетінің қалыптасып келе жатқанын көрсетеді.
Айша Махмұт, ұйымдастырушы:
- Бұл кофе іс-шарасы ол негізі Қазақстандағы кофе индустриясын дамыту ретінде. Қазақстар негізінде шәй ғана ішеді ғой өзімізде. Бұл жақта қара кофенің де дәмін көрсін, нағыз кофенің дәмін татып көрсін. Бізде қазір Астана қаласында кофе сферасы енді-енді дамып келе жатыр өте ауқымды, қарқынды деңгейде.