Жезқазғанда қаржы пирамидасын жарнамалағандар тергеліп жатыр
Жезқазғанның 2 тұрғыны «MetaGo» қаржы пирамидасын жарнамалағаны үшін тергеуге алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қаржы мониторинг агенттігінің департаментінің мәліметінше, күдіктілер қаржы пирамидасы жайлы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде хабар таратып, топтық жиналыс өткізген. Олар бұл арқылы 63 млн теңгеден астам сомада залал келтіріп, заңсыз әрекетке 80-нен астам азаматты тікелей тартқан.