Шымкентте 77 гектар жер учаскесі мемлекетке қайтарылды
Шымкентте 77 гектар 46 жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды.
Қолайлы учаскелер әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы бизнеске заңсыз үлестірілген. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мәлімдеді. Құрылыс саласына жасалған талдау бәсекелестік заңнамасы бұзылғанын растады. Салдарынан инвестициялық жобаларды қолдау үшін 3 миллиард теңгеге бағаланған жер кәсіпкерлердің меншігіне өтіп кеткен. Сот әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының аппеляциялық шағымын қанағаттандырған жоқ.
Жани Қамбар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бас маманы:
- Шымкент ӘКК тарапынан жалпы көлемі 77 гектарды құрайтын 46 жер учаскесі аукционсыз беріліп келген. Яғни бәсекелестіктен тыс тәсілмен берілген факт анықталды.
Қайырғали Бақытқалиұлы, Жер ресурстарын басқару комитеті департаментінің бас маманы:
- Сотпен қарау барысында біршама құрылыс объектілері басталғанын айтып жатыр арызданушылар. Алайда бізде нақты факт жоқ. Оны көрген жоқпыз құрылыс салынғанын. Мүмкін олар сот процесі басталғаннан кейін осы 2023 жылдан бастап жүргізілуі мүмкін. Атап айтсақ, Шымсити аумағында, Нұртас шағын ауданында кәсіпкерлікке қолайлы жерлерде мемлекеттің бос жерлері табысталған.