700 мың тонна мал азығы дайындалады
Атырау облысында мал азығын субсидиялау үшін бюджеттен 1 млрд 200 млн теңге бөлінді.
Ірі қараға 30 мың теңге, 1 қойдың жем-шөбіне 5 мың теңге төленеді. Ал жылқы мен түйеге 8 мың теңге беріледі. Бірақ субсидия алу үшін мал саны талапқа сай келуге тиіс. Оған қоса жайылымның болуы да ескеріледі. Қазір шаруалар 115 мың тоннадай жем-шөп дайындаған. Биылға қажетті мал азығының 25 проценті әзір. Былтыр мемлекеттік қолдауға 500-ден астам шаруа ие болған.
Аманжол Қабдешев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:
- Ірі қараға кемінде 25 бастан кем емес аналығы болу керек, қойда 200 бастан кем емес аналық болу керек, түйе мен жылқыда кемінде 50 бастан кем емес аналық болу керек. Құжаттар дайындалып, электронды субсидия плем.кз арқылы электронный құжат тапсырады. Бұл енді қараша айының бірінен желтоқсан айының 20-сына дейін аралықта түгелдей тапсырылып, төленіп болады.