Ұлытау облысында мал ұрлаған 2 күдікті ұсталды
Ұлытаулық полицейлер шаруа қожалығынан 29 бас жылқы ұрлаған 2 күдіктіні ұстады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ұрылар үйір жылқыны жүк көлігіне тиеп алып кеткен. Бұл туралы полиция бөлімшесіне малшылар хабарлаған. Жедел іздестіру шарасының нәтижесінде күдіктілер оңтүстік өңірде құрықталды. Екеуі де қылмыс жасағанын мойындаған. Ал ұрланған малды тасымалдаған көлік пен 7 бас жылқы Түркістан облысының Қазығұрт ауданынан табылды.
Ербол Қайырбеков, облыстық ПД Криминалды полиция басқармасының бастығы:
- Жедел іс-шара барысында Жамбыл және Түркістан облыстарында 2 күдікті адам ұсталып, бүгінгі күнде қамауға алынды. Ұрланған 29 бастың 7 басы тәркіленіп тергеу шаралары жалғасып жатыр.