СҚО-да мемлекет қаржысы үнемделді

Бір литріне 16 мың теңге! Солтүстік Қазақстан облысында орман шаруашылығының қызметкерлері АИ – 92 бензинін осындай бағамен сатып алмақ болған.

Мемлекеттік сатып алу пор-талына жарияланған қымбат лотты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мамандары анықтады. Осыған ұқсас дерек Айыр-тау ауданында да тіркелді. Онда білім бөлімі, бір жылыту қазандығына бақандай 30 млн теңге бөліп жіберген. Асыра баға-ланған байқаулар жойылды. Алдын алу шараларының арқасында 1,4 млрд теңге үнемделді.

Айдос Жүнісов, Сыбайлас Жемқорлыққа Қарсы Қызмет Департаменті Басшысының Бірінші Орынбасары:

- Біз түсініктеме алу барысында олар жаңағы механикалық қателіктер жібердік деп, мысалы үшін айтады түсіндіре беретін болады. Ал егер де сыбайлас – жемқорлыққа қарсы күрес ықзметімен олардың алдын ала мемлекеттік бюджеттік қаражатты жымқыру дерегі дәлелденетін болса, әрине қылмыстық жазаға тартылатын болады.