Шымкентте инватакси саны артады
Шымкентте мүгедектігі бар азаматтарға арналған инватакси саны артады.
Ерекше күтімді қажет ететін тұрғындарға бұдан былай 34 арнайы көлік қызмет көрсетеді. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының өкілдері қаржыландырудың қайта қаралғанын айтты. Бұған дейін бюджеттен бөлінген 124 миллион теңгеге қосымша 15 миллион теңге аударылды. Себебі мегаполисте арбаға таңылған мүгедектер үшін арнаулы такси жетіспейді. Қазір инватаксиге 575 адам зәру. Оған қоса биыл тірек-қимыл аппараты бұзылған бірінші, екінші топтағы мүгедектерді тасымалдайтын әлеуметтік такси қызметі тоқтатылды.
Сабыржан Арапбай, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары:
- 5 АЕК ол мәслихаттың талқылауына шығып, сонда жан-жақты талқыланып осы 5 АЕК тоқтады. Ол жеткілікті деп санаймыз. Қазіргі таңда оның мөлшеріне ешқандай шағым жоқ. Былтырғы 2022 жылы 775 мүгедек азамат такси түрінде алған болса, биыл әлде қайда көп 1216 мүгедек азамат әлеуметтік таксиді ақшалай түрде алып жатыр.