Ақтөбеде мүгедек жандар үшін 135 нысан бейімделеді
Биыл Ақтөбеде мүгедектігі бар азаматтар үшін 135 нысан бейімделетін болды.
Үйлер мен қызмет көрсету және кәсіпкерлік мақсаттағы ғимараттарда пандустардың орнатылуы бақыланады. Сондай-ақ мемлекеттік органдар, денсаулық сақтау, білім беру мекемелерінде арбаға таңылған адамдар мен көзі нашар көретіндердің заңды құқығын сақтау мақсатында шақырту батырмасы, Брайл жазуының болуы да басты назарда болады. Қолайлы жағдай жасау 2020 жылдан бері тиісті жол картасы аясында іске асып келеді. Бүгінге дейін өңірде 556 әлеуметтік нысан бейімделген. 2025 жылға дейін бұл көрсеткіш 800-ге дейін арттады. Мамандар, сауда-саттық орындары мен спорт кешендерінің де бейімделетінін айтады.
Асланбек Шүйіншалиев, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:
- Жыл басынан бері қазіргі таңда 80-нен астам нысан бейімделді. Енді өздеріңізге белгілі, әлі қрылыс мерзімі кезеңі қарқынды жүруде. Онымен бөлек қосымша жаңадан тапсырылатын нысандар бар. Солардың барлығын есепке алатын болсақ, жыл аяғына дейін сол көрсетілген нысанды, жоспарды межеге жетеміз деп отырмыз.