Қарағанды облысының қоғамдық көліктері жаңартыла бастады
Қарағанды облысының қоғамдық көліктері кезең-кезеңмен жаңартыла бастады.
Жоспар бойынша тасымалдаушылар биыл жергілікті өндірістен шыққан 165 автобусты сатып алады. Оның 58-і қала жолдарына шықты. Лизингтік бағдарламамен рәсімделген көліктер «Еуро-5» экологиялық талаптарына сәйкес келеді. Осылайша Қарағандыдағы 60 мыңнан астам тұрғыны бар Пришахтинск елді мекені халқының жолаушылар тасымалындағы көп жылдық өзекті мәселесі шешілуге тиіс. Автобустар жылдамдықты шектейтін датчиктермен, жүріп-тұруы қиын жолаушыларға арналған көтергіштермен жабдықталған.
Нұрлан Елшібаев, автопарк басшысы:
- 8-і Теміртау-Қарағанды бағытында жүріп жатыр. Қалған 50 автобустың 12-сі қалада жүріп жатыр, 38-ін міне алдық. Ішінде кондиционер, интелектуалды камера бар. Егер жүргізуші көзін жұмып ұйықтап бара жатса, темекі тартса, ұялы телефон ұстаса заңды бұзуға болмайды деп сигнал береді.