Елде курорттық инфрақұрылым дамиды
Елдегі курорттық және медициналық оңалту орталықтарының техникалық базасы жаңарып, қызмет көрсету сапасы артады.
Бұл туралы «Шипажай» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда айтылды. Осыған дейін оңалту орталықтары ескі әдіс-тәсілмен жұмыс істеп келген. Салдарынан сервистік жұмыстарда көптеген олқылық тіркелді. Енді ескірген жүйе толығымен жаңартылады.
Айталық, биыл елде алғаш рет курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институты құрылды. Қазір ондағы ғалымдар инфроқұрылымды дамыту бағытында тың жобалар дайындап жатыр.
Жалпы республика бойынша ересектер мен балаларға арналған 170-тен астам Шипажай Бар.
Саягүл Қайыргелдина, ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ директоры:
- Біздің қазіргі міндетіміз – елдегі биоклиматтық әлеуетті көтеру. Себебі осы уақытқа дейін бізде курортология және медициналық оңалту институты болмағандықтан, көп нәрсе назардан тыс қалып келгені жасырын емес. Бұдан бөлек, барлық шипажайдағы минералды сулар және емдік балшықтар зерттеледі. Ғылыми жобалар мен түрлі методикалар жасалады. Мұның бәрі өз кезегінде саланың дамуына жол ашады.