Шымкенттік ғалымдар құрғақшылықтан құтқаратын заманауи технологияны пайдалануды ұсынады
Шымкенттік ғалымдар ағын су тапшылығы мен құрғақшылықты жоятын инновациялық қондырғыны пайдалануды ұсынады.
Алтай Айнабектің айтуынша атмосфераға теріс зарядты иондарды жіберіп, ашық аспанға будақ бұлттарды жинауға болады. Нәтижесінде жаңбырды қажетті мөлшерде жауғызып, климатты реттеуге мүмкіндік туады.
Оңтүстік аймақтарда құрғақшылықтың алдын-алуда озық технологияны пайдалану ұсынылды. Жоба жетекшісі - Алтай Айнабек Шымкентте қондырғыны сынақтан өткізіп, инновацияның игілігін көруге күш жұмсап жүр. Айтуынша атмосфераның төменгі қабатына әсер ету арқылы қажетті мөлшерде жауын-шашын тартуға болады.
Алтай Айнабек, климаттық технологиялар саласының сарапшысы:
- Жоғары көтерілетін толқын создавать ету арқылы антициклонды разрушать етеміз. Сол жерге циклон создавать етеміз. Циклон болған жерге давление түседі. Сол жерге ылғал тартыла бастайды. Келген ылғалдан тамшылар жасаймыз.
Жоба авторларының айтуынша климатты өзгертуге арналған технологиялық қондырғы әлем елдерінде сынақтан сәтті өткен. «Иран, Пәкістан сынды мемлекеттердің шөлейтті аймағында жауын-шашын күткендегіден әлдеқайда артты», - дейді. Енді озық технологияны Қазақстанда сынауға мүмкіндік бар.
Алтай Айнабек, климаттық технологиялар саласының сарапшысы:
- Климатты жәй өзгерту керек. Жәй модификация жасаған кезде субэфектілер болмайды. Тартылды. Дрондарды жібердік, керек жерге сығып алуға болады. Керек жерге жаудырып отырамыз. Бұл жерде мысалға ылғал тартылған кезде Аралға тоқтатпай құйып тастаймыз, Каспийдің үстіне тоқтатпай құйып тастаймыз деген сияқты нәрселерді жүргіземіз.
Түркістан облысының аумағында 579 мың суармалы алқап бар. «Қазсушар» мекемесі оның 332 мың гектарына қызмет көрсетіп, тіршілік нәрін жеткізеді. Айтуларынша аймақтағы су қоймаларында биыл қажетті мөлшерде су жиналған. «Егістік жерлерге 1,8 миллиард текше метр су беріліп, шаруашылықтарды түгел қамтыған. Тек алдағы 7 жылда тіршілік нәрінен тарықпас үшін су көзін үнемдеп жұмсауға көшу керек»,- дейді.
Асқар Қыстаубаев "Қазсушар" РМК Түркістан ОФ директорының м.а.:
- Біз суды үнемдеу технологиясына көшу керекпіз қазірден бастап. Ол ертеңгі одан кейінгі уақытқа қалдырмау керекпіз. Қазірден бастап көшсек 2030 жылы құрғақшылыққа дайын боламыз. Соның нәтижесінде облыстағы Трансшекаралықтан келетін 12 млрд суымызды дұрыс пайдалансақ болады.
Климаттық өзгерістерге алаңдаушылық білдірген ғалымдар да суды үнемдеу керек деп есептейді. Ол үшін Нағима Жақыпбекова Армения және Грузия мемлекеттерінің профессор-ғалымдарымен бірлесіп, су көздерін цеолит қоспасымен қайта өңдеу технологиясын енгізгісі келеді.
Нағима Жақыпбекова, Техника ғылымының докторы:
- Суды тазалаған кезде біз оған күміс және басқа металлдарды қосамыз. Сонда ол су адам ішуге болады. Екіншісі Каспийдің суы тұзды дейміз. Оны обессоливание істеп ол суды 80% тазаласақ малға беруге болады. Сонда адамдарға су эконом болады. Біздің ғалымдардың көмегі осындай.
Жергілікті билік көптен бері оңтүстіктегі шаруаларға суды үнемдеу технологиясына кезең-кезеңімен көшуді ұсынып келеді. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жерлер қайта түгендеуден өткізілетінін айтады. Себебі трансшекаралық «Достық» магистральдық арнасынан су алатын шаруашылықтар 274 гектарға есептелген тіршілік нәрін 2900 гектар жерге амалдап жеткізіп келеді. Мақташылардың да жан-айқайы осы. Сондықтан ағын суды реттеу тәртібі жиі бұзылады.
Авторлары: Нұрсұлтан Мұхамеджан, Самат Нағашбекұлы, Нұрмахан Бекмұратов