ІІМ-не заңсыз сақталған қару-жарақтар тапсырылды
Жыл басынан бері Ішкі істер министрлігіне жалпы соммасы 84 млн теңге болатын 1181 бірлік қару, 18 мыңнан астам оқ-дәрілер ерікті түрде тапсырылды.
Заңсыз сақталған қару-жарақтарды сатып алу акциясы барысында тұрғындар ерекше белсенділік танытты. Нәтижесінде қарумен жасалатын қылмыстар саны екі есеге азайған. Сыйақы көлемін әр облыстық, қалалық және аудандық полиция органдарында құрылатын комиссиялар белгіледі. Тапсырылған қарулар мен оқ-дәрілер жойылады. Бұл процесс арнайы бейнежазбаға жазылады. Министрлік акцияны алдағы уақытта да өткізуді жоспарлап отыр.
Асылбек Ыдырысов, ҚР ІІМ ӘПК қару айналымын бақылау басқармасының бастығы:
- Қарудың ең көп тапсырылған саны Түркістан облысында (187 бірлік), Жамбыл облысында (134 бірлік), Абай, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарында (60 бірліктен астам).