Жетісу облысында су басқан 100 шақты аула тазартылды
Жетісу облысында жауыннан кейінгі жұмыстар әлі жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Төтенше жағдайлар қызметнің мәлімдеуінше, Ешкіөлмес және Абай ауылында 120 ауланың 100 шақтысы тазартылды. Кешелі бері департамент қызметкерлері Ұлттық ұлан сарбаздары мен әкімдік мамандары және еріктілердің күшімен 300 текше метр лай шығарылды. Ал Қарабұлақтағы мектепке уақытша орналастырылған 30 адамның біразы туыстарының үйіне кеткен. Шығын көлемі есептеліп жатыр.
Елдос Ахметов, Ескелді ауданының әкімі:
- Бүгінгі күні 400 адам жұмыс істеп жатыр. 12 техника жұмыс істеп жатыр. Одан бөлек, эвакуация жасаған адамдар 3 ересек адам 7 бала ғана қалды. Олардың жатын орындары бар ыстық тамақпен қамтамасыз етіп отыр. Кеш батқанша су кірген аулаларды тазалап бітеміз.