Жетісу облысында жауыннан кейінгі қалпына келтіру жұмыстары аяқталды

Осы Жетісу облысында жауыннан кейінгі қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.

Ешкіөлмес және Абай ауылындағы төтенше жағдайға байланысты құрылған штаб жұмысын тоқтатты. Департамент қызметкерлері және ұлттық ұланның сарбаздары әскери бөлімге қайтты. Қазір екі елдімекенде жергілікті атқарушы органдардың мамандарынан жасақталған жүзден аса адам жүр. Олар тұрғындарға көмектеседі. Көше бойын тазалап қалыпты жағдайға келтіруге кіріскен. Оннан аса техника жұмыс істеп жатыр. Жалпы төрт күн ішінде 120 аула тазартылып, 300 текше метр лай шығарылған.

Ырыс Ыбраймова, Ешкіөлмес ауылының тұрғыны:

- Енді қолдарынан келген көмекті көрсетіп жатыр. Табиғаттың апаты ғой, ешкім сұрап алған жоқ. Бүгін енді мынаны тиеп әкетсе бәрі дұрыс болады деп ойлаймын.

Елдос Ахметов, Ескелді ауданының әкімі: 

- Осы аптаның аяғында шығынды есептейміз. Біз облысқа береміз облыс қанша қаражат болады соны комиссия шешеді. Қазір бұрыңғы арықтарды тазалап жатырмыз. Үлкен үлкен каналдарымыз бар. Келесі жылға соның бәрін тазалаймыз. Проекті жасап жатырмыз. Келесі жылы көктемде соның бәрін тазалап бітірсек деп отырмыз.