Қазақстан мен Башқұртстан өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты арттырады

Қазақстан мен Башқұртстан өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты арттырады

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов башқұртстандық әріптесі Андрей Назаров бастаған үкіметтік делегациямен кездесті.

Екі жақты жүздесуде сауда, өнеркәсіптік кооперация, ауыл шаруашылығы, логистика, туризм және мәдениет салаларындағы байланысты талқыланды. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы өңіраралық тауар айналымы шамамен $380 млн АҚШ долларын құрады. Алыс-берісті одан әрі арттырудың әлеуеті зор. Мәселен, бүгінде Қостанай облысында серіппе өндіретін зауыттың жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұдан бөлек, башқұрстандық тағы бір компаниямен жалпы құны $700 млн АҚШ долларынан асатын екі ірі жобаға қатысты келісім жүргізілуде.