Шэньчжэнь қаласында алғаш рет Қазақстан-Қытай бизнес-форумы өтті

Іс-шараға 200-ден астам ірі кәсіпкер қатысты.

Сауда және интеграция министрі бастаған делегация қытайлық әріптестермен алыс-беріс мәселесін жіті талқылады. Қытайлық инвесторлармен кездесуде Серік Жұманғарин еліміздің инвестициялық климатына қатысты жан-жақты мәлімет берді. Әсіресе екі жақты экономикалық қатынасты нығайтуға мүмкіндік беретін басымдықтарға тоқталды. Мәселен Қытайдан Еуропаға тауар тасуға жағдай жасайтын Синцзянь, Қырғызстан және Өзбекстан шекараларының маңындағы хабтар бар. Сондай хабтардың тағы бірі алдағы уақытта Түрікменстанмен арадағы шекарада салынады. Бұдан бөлек «Каспий теңізіне шығатын орталық дәліздің маңызы зор болмақ», - деді Серік Жұманғарин.

Серік Жұманғарин, ҚР Сауда және интеграция министрі:
- Қазақстанның инвестициялық заңнамасы толығымен озық халықаралық стандарттарға сай келеді. Біріншіден, бұл инвестицияға берілетін кепілдік пен оны сақтандыру. Сондай-ақ келісімшарттың түрі мен сомасына қарай салықтық, кедендік сияқты инвестициялық басымдықтардың берілуі. Қазақстанда экономикалық аймақтар құрылған, басымдық берілетін негізгі бағыт – ол сауда және көлік-логистика саласы.