Павлодарда қызылша дендеп тұр

Павлодарда қызылша дендеп жатыр.

Облыстық балалар ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесіне бір айда 11 бала  түскен. Оның көбі 15 жасқа дейінгі жеткіншектер. Ауру жұқтырғандардың кішкентайы 1,5 жасар сәби. Науқастар стационарда 7-10 күн  емделеді. Асқыну жағдайы тіркелмеген. Мамандардың сөзінше, қызылшаға көбінесе екпе жасатпаған балалар шалдығады. Бұған дәлел, ауру жұқтырған 10  баланың екеуі ғана қызылшаға қарсы вакцина алған.

Дина Әубәкірова, облыстық балалар ауруханасының  инфекционист-дәрігері:

- Қызылша өте ауа тамшылы жолмен жұғатын өте контагиозды ауру болып табылады. Вакцина алмаған балалардың 100 пайызға жуығы ауруы мүмкін және де вакцина алмаған балалар бұл аурумен ауыр түрінде ауыруы мүмкін. Дене қызуының көтерілуі 40 градусқа дейін болады. Әлсіздік, тәбетінің болмауы және де бөртпелер пайда болады.