Қарағанды облысында жол апатынан өлім-жітім көбейген

Қарағанды облысында өткен 7 айда 175 жол апаты болып, 61 адам қаза тапқан.

Тағы 200-і түрлі деңгейде жарақат алды. Жыл сайынғы статистикалық көрсеткіште айтарлықтай өзгеріс болмаса да өлім көбейген. Мысалы, күні кеше облыс жолдарында бір тәулікте 9 адам ажал құшты. Мамандардың айтуынша, жол апатының көбеюіне оң жақ рульді көліктердің де әсер ібар. Заң бойынша ондай көлікпен жолаушы тасымалдауға немесе такси қызметін көрсетуге болмайды. Алайда көптеген жүргізуші заңды айналып өтудің жолын тапқан. Осы себепті Қарағанды облысының көлік прокуратурасы мен жергілікті полиция қызметі және әкімдік мамандары бірігіп арнайы рейд өткізді. Мақсат - жолаушылар мен жүргізушілерге заңды сақтау керектігін ескерту.

Иманғалы Иманбеков, жүргізуші:

- Жеті орындық көлік, мен Балқаштан келе жатырмын. Мен ол норманы білген жоқпын, естіген жоқпын. Әрине ескерту жасалса мен оған бағынуға тиістімін, бірақ мен білім жоқ. 

Қазыбек Мақышев, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы:

- Заң талаптарын орындамау көбінесе үлкен ЖКО әкеп соғуда. Оның ішінде адам өліміне де әкеп соғатын жағдайлардан да көп. Өз кезегінде жолаушы тасымалын ұйымдастыру үшін заңмен бекітілген талаптар бар, лицензия алу, такси ретінде хабарлама беру деген сияқты осы заңнаманы қатаң сақтауды қадағалаймыз.