М. Ахметжанов: Елде қылмыс саны азайып жатыр
Мемлекет басшысы Ішкі істер министрін қабылдады.
Марат Ахметжановтың сөзінше, жыл басынан бері құқық қорғау және арнаулы органдардың бірлескен күш-жігерінің нәтижесінде 14,3 тонна есірткі тәркіленген. 52 зертхана жойылды. Сондай-ақ елде ұйымдасқан қылмыстық топтардың әрекеттері бойынша 37 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Адам саудасына қатысты 111 қылмыс анықталды. Қасым-Жомарт Тоқаев өз кезегінде құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру жөнінде бірқатар міндет жүктеді.
Марат Ахметжанов, ҚР Ішкі істер министрі:
- Бүгін Президенттің қабылдауында болып, елдегі қоғамдық қауіпсіздікті қамт ету барысын баяндадым. Жалпы айтқанда, криминогендік ахуал тұрақты. Атап айтқанда аса ауыр қылмыстардың тіркелген саны азайып келеді. Президенттің тікелей берген тапсырмаларын орынаду барыын бачндадым. атап айтқанда, интернет алаяқтыққа қарсы жасалып жатқан іс-араларды. соның арқасында сырттан келген 36 млн қоыңыраудларды біздің азаматтарға жеткізбедік.