СҚО-да 12 адам қызылша жұқтырды
Солтүстік Қазақстан облысында қызылша жұқтырған 12 адам инфекциялық ауруханада емделіп жатыр.
Мұндай мәліметті Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары хабарлады. Петропавл қаласында сегіз, Мағжан Жұмабаевта екі, және Аққайыңмен Жамбыл аудандарында бір жағдайдан тіркелген. Сырқаттанғандардың дені 14 жасқа толмаған балалар. Олар инфекцияны, шет елге шыққан кезде жұқтырып алғаны анықталды. Ал былтыр өңірде, бұл ауру мүлдем тіркелмеген.
Айнаш Сағындықова, облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы:
- Қызылша ол жұқпалы өте ауыр инфекция болып табылады. Ол ауа тамшы жолы арқылы жұғады. Қызылшаның тіркелген жағдайларының арасында осы Біріккен Араб Әмірліктерінен және Ресей Федерациясынан және де Қырғызстан Республикасынан үш әкелінген жағдайы тіркелді. Тіркелген жағдайлар арасында 50 пайызы екпе алмаған.