Петропавлда қоғамдық көлікте жүру ақысы қымбаттайды
Енді картамен төлем жасайтындар үшін тариф 100 теңге болады.
Ал қолма- қол есеп айырысатын жолаушылар 170 теңге төлеуі тиіс. Жаңа тарифті мәслихат депутаттары бекітті. Енді ол шамамен екі аптадан кейін күшіне енеді. Облыс орталығында жолақы 2017 жылдан бері өзгермеген. Әкімдік өкілдері болса ескі тариф тасымалдаушылардың шығынын жаппайды дейді. Сондықтан мемлекет тарапынан оларға субсидия төленеді. Биыл 3 миллиард теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілген. Қазір облыс орталығында 18 бағытқа 180-нен астам автобус шығады. Олардың барлығы әлеуметтік маңызға ие. Ал күніне шамамен 75 мыңға жуық адам автобуспен қатынайды екен.
Әділбек Әубәкіров, қала әкімінің орынбасары:
- Тарифтің өзгермегіне 6,5 жыл болды. Сондықтан былтыр қараша айында тасымалдаушылар бізге ұсыныс түсірді. Арнайы комиссия оны жан-жақты зерттеді. Мәселен 2017 жылы бір литр дизель отыны -124 теңге болса, қазір ол 290 теңге. Ал қыста тіпті 600 теңгеге дейін барады. Қосалқы бөлшектердің де бағасы да өсті. Одан қалды жүргізушілердің айлығы бар. Сондықтан осының барлығы есептеліп, жаңа тариф мақұлданды.