Үкімет басшысы Қарағанды облысына барды
Әлихан Смайылов Қарағанды облысына барды.
Ол «Қазақстан» шахтасында апат салдарынан қаза тапқан шахтёрлердің отбасы мүшелерімен кездесті. Сондай-ақ, Үкімет басшысы әкімдік пен орталық мемлекеттік органдары басшылығымен жедел кеңес өткізеді. Премьер-министр бірінші кезекте кеншілердің бірі – Артур Халиковтың анасымен және жұбайымен сөйлесті. Қазір кеншіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Сонымен қатар Әлихан Смайылов өткен жылдың қараша айында Ленин атындағы шахтада қаза тапқан Арман Қашкейдің жұбайымен кездесті.