Қызылордада мектеп жәрмеңкесі өтіп жатыр
Іс-шара облыстың барлық ауданында ұйымдастырылған.
Жәрмеңкеге жергілікті тігін цехтарының өнімі шығарылды. Бұл тауарлар нарықтағы бағадан 20 пайызға арзан. «Отандық өнімдердің сапасы импорттан кем емес», - дейді мамандар. Ата-аналар мектеп формасын арнайы тапсырыс беріп тіктіре алады. Мектеп формасының бағасы 10 мың теңге шамасында. Кейбір кәсіпкерлер тұрмысы төмен отбасыларға қосымша жеңілдіктер ұсынған. «Мектепке жол» акциясы аясындағы жәрмеңке тамыз айының соңына дейін жалғасады.
Әйгерім Базарханқызы, қала тұрғыны:
- Мектеп формасынан үстіне киетін джакетін, галстугін көрдік. Олардың бағасы 2 500 теңге, галстуктың өзі 500 теңге екен. Басқа жерлермен салыстырмалы түрде арзан келіп жатыр. Және дене шынықтыру формасын өте арзан алдық 9 мың теңгеге.
Азамат Қаюпов, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары:
- Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығын құрған болатын. Негізі жылына 70 мың мектеп формасына дейін тіге алады. Осы бүгінгі күнге дейін 4 мың формадай сатылып тұр.