Кентауда ескі көп қабатты үйлер жаңартылып жатыр
Түркістан облысының Кентау қаласында ескі көп қабатты тұрғын үйлер жаңғыртылып жатыр.
Биыл 55 үйді күрделі жөндеуден өткізу жоспарланса, жартысында құрылыс жұмыстары аяқталды. Келер жылы қанша үй жөнделеді? Тұрғындардың пікірі қандай?
Мына 2 қабатты үйлер өткен ғасырдың 60-шы жылдары салынған. Соңғы рет 1980 жылдары жөндеу жүргізілген. Содан бері әбден ескіріп, шатырып тесіліп, қасбетінің сылағы түскен. Кей жерлерін тұрғындар өздері қаржы жинап, жөндеп алған. Үй енді толық жаңғыртудан өтті. Тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Жаңа баспанаға кіргендей әсерде жүргендерін айтады.
Әлішер Ергешов, тұрғын:
- Мына ремонт домдағылардың бәріне ұнады. Өте тамаша болып шықты. Жақсы болып қалды. Бәрі енді біздің үйге қызығып келіп жатыр. «Бізге де істесін, айтыңдар» деп. Мына үйде бізге қарап жасатып жатыр. Мына жақтың бәрі істеп жатыр қазір. Расында тамаша көрінеді. Мында ойын алаңын салып жатыр. Балалардың бәрі мәз. «Қашан бітеді» дейді. «Жақында бітеді, ойнайсыңдар» дедім.
Кентау қаласы мен оған қарасты ауылдарда 376 көп қабатты тұрғын үй бар. Оның 342-сі қалада болса, 34-і ауылдарда орналасқан. Көбі ескірген. Өңірлерді дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында 2014-2022 жылдар аралығында 266 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті. Оған республикалық қазынадан 7,4 млрд теңге жұмсалды. Биыл 1 млрд 57 млн теңге қаржы қаралып, оған 55 үйді жаңғырту жұмыстары жүріп жа
Талғат Ысқақов, қала әкімдігіне қарасты "Кентау құрылыс" серіктестігінің директоры:
- Шатыры, кіреберістері, қасбеті, инженерлік жүйелері толығымен жөндеуден өтіп жатыр. Келесі жылға республикалық бюжетке өтінім өткізіп, қалған 37 көпқабатты тұрғын үйге біз 1,5 млрд теңге қаражат күтіп отырмыз. 2024 жылы қалған үйлер толығымен бітеді. Сонда Кентау қаласы жүз пайыз жөндеуден өткен болады.
Жалпы Түркістан облысында тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында биыл 221 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Жандос Жұмбаек, Ерболат Әбіш