Отбасы құндылығының маңызы зор
Елімізде жыл сайын орта есеппен 150 мың отбасы құрылса, жұптардың жартысына жуығы ажырасып тынады.
Бұл тұста отбасы институтын нығайту қажет. Бүгін осы және өзге де жанұялық мәселелер "Мейірім құшағы" атты әйелдер, балалар және отбасы істері жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында талқыланды. Ұйым "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы жанынан құрылған. Оның мүшелігінде 200-ге жуық белсенді нәзік жан бар.
Қарақат Әбден, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Әйел негізі басты тұлға. Әйел – жар, әйел – ана, әйел – қыз. Сондықтан да Ауыл партиясынан шыққан әйелдер өте белсенді. Олар өз жұмысын алға жақсы жүргізеді деп ойлаймыз. Ал комиссияның мүддесі – осы жұмысты жүргізуге жан-жақты қолдау көрсету.