Ақмола облысында егін орағы басталды
Ақмола облысының диқандары да егін орақ салды.
Бұл аймақ 5 млн 300 мың гектар жерге дән сепкен. Оның басым бөлігі бидай. Орақ науқанына 9 мыңға жуық техника шықты. Жанар-жағармай қоры жеткілікті. Жергілікті диқандарға үкіметтен арзандатылған бағада 90 мың тонна дизель отыны бөлінді. Бірақ аймақта құрғақшылық салдарынан егін шығымдылығы былтырғыдан төмен. «Өткен жылы астықтың орташа өнімділігі 12 центнер болса, биыл 8-9 центнерден айналады», - дейді мамандар. Айта кетейік, былтыр өңір шаруалары 5 млн 400 мың тонна өнім жинаған еді.
Еркеш Әленов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
- Биылғы жылы егіннің шығымдылығы 2 млн 200 мың гектары жақсы тұрған егін. Ал 2,5 млн гектары орташа. Ол 50 пайызын құрап тұр. Нашар егін дегеніміз 250 гектар 4 пайызын құрап тұр. Егінді орып алып, оны сақтап, тазалау үшін 71 мамандандырылған элеваторымыз бар. Оларда сақадай-сай қазіргі кезде. 4 млн 700 тонна қабылдай алады. Одан бөлек әр шаруашылықтың өзінің қоймалары бар. Ол 2 млн тонна қабылдайды.