Жатақханалар тексеріліп отырады

14 тамыздан бері республика көлемінде жатақханаларға мониторинг жүргізіліп келеді.

Бұл Жастар Рухы жастар қанатының бастамасы. Жалпы ел бойынша 237 жатақхана тексерілген. Нәтижесінде жоғары оқу орындарына тиесілі 111 жатақхананың 70-і жақсы, 39-ы орташа, ал екеуінде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқаны белгілі болды. Колледждерге келер болсақ, 126 жатақхананың 75-і жақсы, 36-ы орташа, 13-нің жағдайы нашар, екеуінде күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Апта соңына дейін тағы 426 жатақхана тексеріледі. Айта кеткен жөн, студенттердің шағымын қарау мақсатында жедел желі іске қосылды. Мәселе туындаса экранда көрсетілген нөмірге хабарласуға болады.

Нұржан Жетпісбаев, «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы:
- Елімізде жастардың басым бөлігі әрине студент жастар. Саны қазір 1 миллионнан асып жығылады. Біздің бүгінгі көтеріп отырған мәселеміз жатақхана жетіспеушілігі, санитарлық нормалараға сай келмеуі. Осы мәселені түзету бойынша жұмысты бірнеше жылдар қатарынан жүргізіп келе жатырмыз.