Елімізде «Зорлық-зомбылыққа қарсы 30 күн» акциясы басталды

«Зорлық-зомбылыққа қарсы 30 күн».

Елде осындай акция басталды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі телеграм каналында жазды. Акция қоғамдағы зорлық-зомбылық әрекеттердің алдын алу және оған қарсы мәдениет қалыптастыруды мақсат тұтады. Қазақстандық қоғамдық даму институты жүргізген сауалнама бойынша отбасындағы зорлық-зомбылықтың салдары ретінде бірінші орында алкоголизм, нашақорлық, құмар ойындар тұр. Сауалнамаға қатысқандардың көбі осы мәселелерді атаған. Сол себепті министрлік те бұл жайттарды зерделеп, өз құзіреті бойынша тиісті шара қабылдап келеді" делінген хабарламада. Бұл орайда әсіресе балалар мәселесі ерекше назарға алынып, министрліктің тапсырысы бойынша нұсқаулықтар әзірленген.