Азаматтық қорғаныс органдарында 150-ге жуық сыбайлас жемқорлық фактісі тіркелді

Кейінгі 5 жылда азаматтық қорғау органдарында 150-ге жуық сыбайлас жемқорлық фактісі тіркелді.

Қылмыстың басым көпшілігін Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлім басшылары жасаған. Бұл туралы ведомство басшылығымен өткен кеңесте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасы Асхат Жұмағали мәлімдеді. Төрағаның айтуынша, бармақбасты, көзқысты әрекеттер өрт қауіпсіздігін тексеру, оқудан өткізу және жұмысқа орналастыру барысында жасалған. Мәселен, жақында Жетісу облысында министрліктің жергілікті бөлім басшысы жұмысқа қабылдаған адамнан ақша алғаны анықталды. Бұған дейін Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында да басшылық құрамның парақорлығы әшереленген.    

Сырым Шәріпханов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:

- Бұл адамдар белгілі бір жетістіктерге қол жеткізген үздік қызметкерлердің қатарынан болатын. Дегенмен, осы жағдайда олардың біз білмеген теріс қасиеті – екіжүзділігі әшкереленді. Аталған деректерге қатаң сынмен қараймыз. Бұдан біз тиісті сабақ аламыз. Қарапайым өрт сөндірушілер бізге сеніммен қарауы керек.