Құмар ойынға құныққандар азаяр емес

Соңғы зерттеулерге сәйкес, елімізде әрбір бесінші жас құмар ойынның құрығына түскен.

Көңіл алаңдатар статистика Парламент Мәжілісі депуттарының үкіметтік емес ұйым өкілдері және жастармен болған кездесуінде айтылды. 2023 жылдың 4 айында букмекерлік компаниялардың айналымында 100 миллиард теңгеден астам қаражат бар екені белгілі болған. «Бұл қомақты қаржы бәс тігетіндердің саны артақынын көрсетеді», - дейді депутат Елнұр Бейсенбаев. Кездесуге келгендер лудоманиямен күресті қандай форматта жүргізу керек, әртүрлі шектеулер нәтижесін бере ме деген сұраққа жауап іздеді. Талқылауда айтылған нақты ұсыныстар негізінде заң жобасына түзетулер енгізіледі.

Елнұр Бейсенбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Былтыр 7-ші шақырылымның қорытындысы бойынша біз арнайы заң жобасын даярладық. Сол заң жобасында бағана біз айтқандай олардың жарнамасын шектеу, жарнамалайтын азаматтар болатын болса, оларды қылмыстық әкімшлік кодекстен тыйымдар салу, қудалау болмаса баптар арнайы енгізуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар қарызы бар берешегі бар, яғни банктерге қарызы бар азаматтарға 100 пайыз оларға бәс тігуге, букмекерлік кеңселерде, казиноларда ойнауға шектеу қоямыз.