Көк түтінге тұншыққан Алматы

Бүгін таңертең Алматы аспанын түтін басты. Жетісу ауданындағы құрылыс заттары сақталған қойма өртенгені.

Өрт сөндірілгенімен, иісі қолқаны қапқан түтін бірден сейіле қоймады.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, түтіннің адам денсаулығына зияны жоқ.

Оқиға түнгі 2 шамасында болған. Құрылыс заттары сақталған қойманың 292 шаршы метрі жанып кетті. Жалын басқа қоймаларға тарап кетпеуі үшін 60 адам мен 16 техника жұмылдырылған. Өрт таңға жуық өшті. Қазір экологтар қаладағы ауаның ластану көрсеткішсін өлшеп жатыр.