Елімізде жастар үшін бірыңғай цифрлық платформа құрылады

Демек, қолдау шаралары мен мемлекеттік бағдарламалар туралы біліп, өз жобасын ұсына алады.

Бұл туралы Ақмола облысында өткен «Жастар академиясы» республикалық форумында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мәлімдеді. Іс-шараға әр өңірдегі жастар ресурстық орталықтарының өкілдері қатысты. Олар жастардың бастамаларын қолдауға бағытталған инновациялық жобаларын ұсынды. Сонымен қатар Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және "AMANAT" партиясы басшылығының қатысуымен өткен диалог алаңында жастар саясатының өзекті мәселелері талқыланды. Әсіресе жас кадрларды қолдау, жұмыссыздықты азайту және қаржылық сауаттылықты арттыру проблеммаларына басымдық берілді.

Данияр Жүнісов, ШҚО жастар ресурстық орталығының директоры:

- Біздің Шығыс Қазақстан облысынан әкелген жобамыз «жастармен бірге керуені». Жоба аясында біз NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау. Былтырғы жылмен салыстырғанда бізде осы категориядағы жастар саны 10,6 пайыз болатын. Осы жоба аясында оның саны 4,1 пайызға төмендеді.

Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

- Мемлекет басшысы Түркістанда өткен құрылтайда жастар ісіне аса мән бергені белгілі. Жастар жөніндегі заң шыққаннан кейін жастарды дамыту жөніндегі арнайы тұжырымдама бекітілді. Қазір елімізде жастардың саны 6 миллионға көбейді. Әрине мәселе де аз емес. Біз осы алаңдарда жастардың қандай мәселері бар, олардың проблемалары төңірегінде әртүрлі пікірталас болады.