Қос ел басшылары бас мешітке барды
Қазақстан мен Тәжікстан президенттері Астанадағы бас мешітке барды.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Орталық Азиядағы ең үлкен құлшылық орнының сәулетімен танысты. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы құран сүрелерін оқып, қос елдің халқына бейбітшілік пен береке тіледі.