Күнбағыс майы 16,9% арзандады

Елімізде күнбағыс майы 17 пайызға арзандады.

Бағаның төмендеуі - эскпорттық баж салығын енгізгелі бері байқалды. Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы осылай деді. Айдар Әбілдабековтың айтуынша, майдың ең жоғары бағасы Алматы облысында тіркелген. Оның құны 977 теңге. Ал ең төменгі баға Ақтөбе облысында байқалған. Ол 652 теңгені құрайды. Жалпы елде жыл басынан бері 253 мың тонна күнбағыс майы өнідірілген. Оның 100 мың тоннадан астамы экспортталды.