Уланған балалардың тағы біреуі көз жұмды

Қарағандыдағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында уланып, жансақтау бөліміне түскен 6 баланың біреуі көз жұмды.

Дәрігерлердің айтуынша 11 жастағы жеткіншектің жүрегі тоқтап қалған. Өкінішке қарай, қалған 5 баланың жағдайы да ауыр, ешқандай өзгеріс жоқ. Мамандар балалардан түрлі сынамалар алып, зертханаға жіберген. Әзірге неден уланғаны белгісіз. Тамақтан ұшынуы мүмкін деген әуелгі болжам расталмады. Еске салсақ, осыдан тура бір ай бұрын орталықтағы 14 бала уланып, ауруханаға түскен болатын. Оның жетеуі тәуір болып, 13 жастағы бір жасөспірім көз жұмған еді.