Астанада мереке қарсаңында үздіктер марапатталды
Конституция күні қарсаңында ғылым, мәдениет саласында және қоғамдық қызметте ерекше көзге түскен әр өңірдің азаматтары марапатталды.
15 адам «Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы» атағын алды. Мерекелік іс-шараны «Жаңа Қазақстан» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған. Жиын барасында 2022 жылы Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды. Оған әр облыстан 100-ге жуық адам қатысты. Олардың ішінде қоғам қайраткерлері, ақындар, жазушылар және зейнеткерлер де бар.
Мағжан Садыханов, «Жаңа Қазақстан» республикалық қоғамдық бірлестігінің директоры:
- Конституциямыз 4 рет өзгерді. Оның ішінде ол халықтық сипат алған жоқ. 2022 жылы тамызда біздің конституциямыздың 30-бабына 56 өзгеріс енгізілді. Соның негізінде қазір мемлекетіміздің демократиялық сипаттағы даму жағы кеңіннен қадам басты.