Әлихан Смайылов Конституция күнімен құттықтады

Премьер-министр Әлихан Смайылов қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады.

Үкімет басшысы Ата заңымыз мемлекеттіліктің негізі және Отанымыздың Тәуелсіздігінің сенімді кепілі екендігін атап өтті. Тағы Әлихан Смайылов өз құттықтауында барша отандастарымызға амандық пен береке тіледі.

Құрметті отандастар! Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Конституция – мемлекеттіліктің негізі және Отанымыздың Тәуелсіздігінің сенімді кепілі. Қазақстан Конституцияның мызғымас нормаларына сүйене отырып, азаматтардың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруға бағытталған қадамдарды жүйелі түрде жүзеге асырып, болашаққа нық сеніммен қадам басып келеді. Барша қазақстандықтарға амандық пен береке, еліміздің игілігі жолында жаңа жетістіктер мен табыстар тілеймін!

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі