Шымкентте 500 орындық жатақхана пайдалануға берілді

Шымкентте заманауи жатақхана пайдалануға берілді.

7 қабатты 500 орындық студенттер үйі инвестор есебінен, жекеменшік- серіктестік аясында салынды.

Жатақханада ауыл-аймақтан білім алуға келген студенттер мен көпбалалы отбасынан шыққан жастар тұрады.

Ғимаратта интернет, жаттығу залы, оқу бөлмелері, демалыс аймағы мен компьютер кабинеттері бар. Сондай-ақ кір жуатын арнайы орындары, ортақ асхана қарастырылған. Нысан университетке жақын орналасқан.

Айкен Сәтбаева, студент:

- Ауыл-аймақта тұратын біз сияқты жастар үшін бұл жатақхана өте тиімді. Себебі ол университетке жақын орналасқан. Студенттерге ыңғайлы, заманауи талаптарға сай.

Гүлзат Көбенова, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің комитет төрайымы:

- Жатақхана салу мәселесінде Қаржы орталығы серіктестерді іздеп, солармен келісім шартқа отырып, жұмыс істеп келеді. Бүгінгі күні Шымкент қаласында 8 жоғары оқу орны бар. Студенттерді жатақханамен қамтуда аса көп проблема жоқ.