Сырқаттанған сарбаздардың жағдайы тұрақты

Көкшетауда сырқаттанған сарбаздардың жағдайы тұрақталып келеді.

Бүгінге дейін олардың 9-ы емделіп шықты. Ал ертең тағы 5-і әскери бөлімге оралады. «Ауруханадағы жауынгерлердің өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», - дейді дәрігерлер. Оларға қажетті ем-дом шаралары көрсетіліп жатыр. Қазіргі уақытта індет ошағына айналған әскери бөлімдегі қызметтік тергеу жұмыстары жалғасуда. Емделіп шыққан сарбаздар бөлімдегі медициналық қызметтің жіті бақылауында.

Ұлан Ыдырысов, 5510 әскери бөлімі медициналық қызметінің бастығы:
- Соңғы тәулікте сарбаздардан дертке шалдығу дерегі тіркелген жоқ. Емделіп шыққан сарбаздар оқшауланған арнайы нысандарға орналастырылды. Қазіргі уақытта олар біздің жіті бақылауымызда. Тұрақты түрде сарбаздардың дене қызуы тексеріліп тұрады. Қазір барлық сарбаздың жағдай тұрақты.